Қостанайда екі адам жоғалды

Қостанайлық полицейлер 2006 жылы туған Александр Рябухинге іздеу салды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қостанай қаласы ІІБ-не 12 жасар Александр Рябухиннің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Анасының сөзінше, Александр 20 қазан күні түс уақытында мектептен үйге қарай шыққан. Сол уақыттан бері хабар жоқ.20181026104502 Оқушының бойы – 150-160 см, арық денелі, шашы қысқа. Үстінде мектеп формасы, қара түсті куртка мен шалбар болуы мүмкін. Александр Рябухин туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауға болады: 8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12 немесе 102
Еске салсақ, полицейлер Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 2 баланың анасын іздеп жатыр. Әулиекөл ауданының тұрғыны Анастасия Сальниктің айтуынша, әпкесі 29 жастағы Ольга Сальник 2 қазан күні Әулиекөл ауданындағы үйінен шығып кеткен. Ол таңертең дәріхана барып келетінін айтқан. 20181026004448«Әпкемнің қайда жүргені белгісіз. Оны көрген адамдар болса, бізге хабарласуын өтінемін. Анамыз уайымдап жүр. Оны үйінде екі баласы күтіп отыр», – дейді Анастасия Сальник.
Ольга Сальниктің ұялы телефоны өшірулі. Қазіргі уақытта полицейлер іздеу шараларын жүргізуде.
Ольга Сальниктің туыстары ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге 87753171042 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓