СOVID-19: +19
Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияны (2020 жылғы 18 мамырдағы мәліметі бойынша) 19 адамның жұқтырғаны анықталды.
ПТР диагностикалық зерттеулердің нәтижелері «УК – 161/3 мекемесі» РММ 19 қызметкерінің (11 ер кісі және 8 әйел) СOVID-19 сырқатын жұқтырғанын растаған. Сырқаттанып қалғандардың жасы 21-54 аралығында. Науқастардың коронавирус жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғаны мәлім болды. Қазіргі таңда науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жатқызылды. Бекітілген тәртіпке сай, оларға емдеу шаралары жүргізілуде.
18.05.2020 жылғы мәлімет бойынша облыста СOVID-19 жұқтырудың 98 жағдайы тіркелді, 47 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.