20 күннен кейін табылды

Қостанайлық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен оқушы Александр Рябухинді іздеп тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. photo_51481Метеп оқушысын іздестіруге полицияның бүкіл құрамы мен еріктілер жұмылдырылған болатын. Александр Рябухин патрульдеу барысында табылды. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді. Полициядағылар баланың осыған дейін де үйден кетіп қалып жүргенін айтады. "Наш Костанай" мәліметінше, 12 жастағы оқушы Тәуелсіздік көшесінен табылған. Полицейлерді көрген кезде қорқып, қашып кетпекші де болған. Ал "Наша Газета" басылымының мәліметінше, ол үйіне қайтқысы келмеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓