Жерлестеріміз жүлдемен оралды
Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларының қатысуымен брифинг өтті.
Жасөспірімдер олимпиадасы 6 қазанда басталды. 22 спорт түрінен қатысқан ел құрамасы 57 спортшыны үкілеп қосты. Олардың арасында қостанайлық боксшы Надежда Рябец, дзюдошы Маргарита Гриценко, гимнаст Аян Молдағалиев және баскетболшы Василий Белозерлер бар.
Дзюдошы Маргарита Гриценко ІІІ жасөспірімдер олимпиадасының күміс жүлдесін иеленсе, Аян Молдағалиев спорттық гимнастиканың екі финалына қатысты.
Надежда 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдың қорытындысы бойынша бокстан жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Әсел Қибаш,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.