Жаңа заңға түсінік беруде
Қостанайлық полицейлер "Жол жүрісі туралы" заңның жаңалықтарын түсіндіру жөнінде халық арасында алдын алу жұмысын жүргізуде.
ОІІД ведомстволық сайтына түскен Интернет пайдаланушылардың сұрақтарына полиция майоры Юрий Панасенко жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі балаларға арналған автоорындықтар төңірегінде болды. Интернет пайдаланушы Е.Дорожко "Кішкентай нәрестені қолда ұстап отыруға бола ма?" десе, Г.Сауытова "Таксиде балаларға автоорындық болуы тиісті ме?" деген сұрақ қойды. Барлығы сайтқа жаңа ережелерге қатысты жиырмадан астам сұрақ түсті. Полиция қызметкерлері алдын алу жұмыстарын облыс жолдарында, жергілікті БАҚ пен Интернетте жалғастыратын болады.