Өлі күйінде табылды
Қарабалық ауданына қарасты Научный елді мекенінің тұрғыны Юрий Шеферге іздеу жарияланған болатын. 53 жастағы ер адамның мүрдесі сол ауылдан бірнеше шақырым жерден жексенбі күні табылды.
АІІБ-нің хабарлауынша, Ю.Шефердің денесін "Ақ-Бидай-Агро" ЖШС-нің жұмысшылары далада шөп шауып жүргенде тауып алған. Оның қазасының себебін дененің іріп-шіріп кетуіне байланысты анықтау мүмкін болмады. Естеріңізге сала кетейік, ол 8 шілде күні үйден шығып кетіп, сол беті оралмаған еді. Марқұм психикалық ауытқушылықтан зардап шегіп келген.