Қоржында – үш күміс, бір қола
Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесі сарапқа салынған бокстан Ү Республикалық турнирден жерлестеріміз олжалы оралды. Қарағанды қаласында 5 күнге созылған былғары қолғап бәсекесінде топ жарып, көзге түскендер ҚР құрама командасына алынады. Шаршы алаң «шайқасында» Қостанай облысының жастар құрамасы үш күміс және бір қола медальді қоржынға салды. 46 келі салмақта Қостанай қаласының спортшысы Евгений Бабичев, 52 келі салмақ дәрежесінде Қостанай ауданының үміті Айдос Арапов және жітіқаралық Дмитрий Ахцигер 91 келі салмақта күмістен алқа тағынды. Ал рудныйлық Михаил Коханчик 75 келі салмақта үшінші тұғырдан көрінді.