“Тобыл” – “Шахтер”: 3-0 (ВИДЕО)

Бүгін "Затоболец" стадионында "Тобыл" ел біріншілігіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді.TK2XFntBmpY Огай шәкірттері Қарағандының "Шахтерінен" айласын асыра білді. Ойынның бірінші бөлігінде-ақ қарсылас қақпасына екі гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді бір қуантты. mR8G_UfUtyA25-минутта Сергей Яворский есеп ашса, 35-ші минутта Томаш Шимкович есепті еселеді. nrToYTlJsCo
PZD_QPbZBkMАлаңға екінші таймда шыққан "Шахтердің" бұрынғы ойыншысы Сергей Хижниченко үшінші голды соғып, қостанайлық жұртшылықтың мерейін одан ары асқақтатты. Di1qi4E0L0Y
62fQnXJhj64
Команданың жеңісіне сүбелі үлес қосқан қақпашы Логиновскийді де айта кеткен жөн. Себебі, "Шахтер" футболшыларының үздіксіз жасаған соққыларын қайтара білген қақпашы, ойын соңындағы он бір метрлік айып добын да тоқтатты. Сөйтіп, "Тобыл" биылғы маусымда өз қақпасына әлі гол жібермеді. 
 
КОМАНДА                                                                              О                                 Г                                   Ұ                                       
1 Ертіс (Павлодар) 3 7-0 9
2 Астана 3 6-2 9
3 Тобыл (Қостанай) 2 4-0 6
4 Ордабасы (Шымкент) 3 6-5 6
5 Оқжетпес (Көкшетау) 3 4-3 4
6 Тараз 3              4-5        4             
7 Ақжайық (Орал) 3 2-5 3
8 Жетісу (Талдықорған) 3 2-3 2
9 Қайрат (Алматы) 3 3-5 1
10 Ақтөбе 3 2-5 1
11 Атырау 2 1-4 1
12 Шахтер (Қарағанды) 3 1-5 1
 
Назараларыңызға ойынның толық нұсқасын ұсынамыз. 
 
"Тобылдың" келесі қарсыласы – шымкенттік "Ордабасы". Бұл кездесу 9 сәуір күні өтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓