Өрт – құтқару спорты жарысы өтті

Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің арасында өрт құтқару спорты жарысы өтті.
өрт
Жарыс өрт-құтқару спортын облыс бөлімшелерінде дамыту, спорттық разрядтарды орындау, өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы ашық чемпионатына өрт -құтқару спортынан үздік шыққан спортшыларды таңдап, Қостанай облысы құрама командасын құру мақсатында өткізіледі. Салтанатты ашылу сәтінде Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Ақдәулетов жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі. Жарыс қалалық бөлімшелер арасында өрт-құтқару спортының үш түрінен: кедергілер ар-қылы100-метрлік жолақты кесіп өту, жауынгерлік қанат жаю және оқу жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуден Қостанай қ. ӨҚҚЖ №2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өтті. Шабуыл сатысымен көтерілу жарысында қалалық бөлімшелер арасынан Қостанай қаласы ӨҚҚЖ №1-өрт сөндіру бөлімі командасынан Е.Бәйменов суырылып алға шықса, кедергілер арқылы 100-метрлік жолақты кесіп өтуден Лисаков қаласы 18-МӨСБ А.Ақабаев жеңіп алды. Сонымен, 1 орынды Лисаков қаласы 18-МӨСБ; 2 орынды Рудный қаласы-МӨҚҚЖ; 3 орынды Қостанай қаласы ӨҚҚЖ 2-МӨСБ қанжығалады.
 
Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓