Балталап өлтірген
Қайғылы оқиға Қостанай қаласындағы саяжай қоғамдарының бірінде болған. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.Саяжайдан зорлықпен өлтіру белгілері бар 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Полицейлер күдіктіні анықтап, тұтқынға алды.
"Белгілі болғандай, бөлісіп арақ ішкен күдікті мен жапа шегушінің арасында шиеленіс пайда болған. Жанжал ушыға келе, бірі екіншісіне балтамен ауыр соққы жұмсаған. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кеткен", – делінеді ІІД хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.