Азиядан алты алтын
20-21 қазанда Астана қаласында 8-ші Халықаралық "Азия жауынгері" NOMAD MMA турнирі өтті. Жарысқа он елдің сегіз және одан үлкен жастағы 500-ге жуық спортшы қатысты.
Қостанай облысының құрама командасы бұл байрақты бәсекеде лайықты өнер көрсетті. NOMAD MMA Қостанай федерациясынан барған 20 спортшысының тең жартысы жүлдемен оралды.