30 млн теңге “олжаламақ” болған (БЕЙНЕ)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақор шенеуніктерді ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Қостанай облысында әкімдік қызметкерлері мемлекеттік тендерді кәсіпке айналдырып, тапсырысты жасап бергені үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алған. Олар кәдімгідей қылмыстық сxемамен жұмыс істеген. Біріншісі – Қостанай қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Жүнісов, екіншісі – облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Құланбаев.
"Олар өзара сөз байласып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңуге көмек көрсеткен. Сол үшін 30 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдік бар. Сот санкциясы бойынша Жүнісов және Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.