Ақ тілектер ақтарылған күн

IMG_3707сайтҚостанайда Айт намазы  аяқталған соң ме­реке өзінің барлық сән-IMG_3580сайтсалтанатымен имандылық думанына айналды. Алла разылығы үшін құрбанға мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылды. Көрші-қолаң, туыс-туғандар, қызметтес ағайындар, «Айт құтты болсын!» айтысты
 
IMG_3523сайт–Қала лық әкімдіктің ұйытқы болуымен шаһарымызда биыл Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып IMG_3529сайт өтілуде. Ауқат­ты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз – Алланың разылығы үшін құрбандық шалып, әлеуметтік жағдайы төмен  әрі мұқтаж  адамдарға, міскін жандарға қамқорлық көрсетуде. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекем­дігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы та­ра­зыға түседі. Сондай-ақ, пен­денің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Күллі мұсылман жұртшылығын адамдар бір-біріне бауырмалдыққа жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағ­дайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады. Бүгін, міне, Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылып жатыр. Алла жолында құрбандық шалу арқылы адамдар бір-бірін бауырмалдыққа дінге беріктік танытуға шақырады десек, осы бүгін қайырымдылық жасап жатқан жандардың арасында жастардың да ат салысуы бізді қуантады, – деді қалалық мешітінің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы.
IMG_3637сайтРасында облыс орталығында қасиетті мерекені атап өту жыл­дан-жылға IMG_3592сайтжоғары дең­гей­ге көтеріліп келе жат­қаны айқын. Әрине, бұл Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті мен орындалатын ғибадат­тарды ха­лыққа түсіндіріп, насихат­тау­дың арқасы. Сондай-ақ, Құр­бан айт мерекесінің ерекше мәрте­беге ие болуы – ел мұсыл­мандары оны ерекше атап өтуіне жол ашты. 
IMG_3666сайтБұның  жарық дәлелі ретінде жақында ғана пайдалануға берілген қалалық IMG_3561сайт мешіт асханасында  жайылған мерекелік дастарқан мен дом­бы­ра­ның қоңыр үнімен үнде­се шырқалған ән және Құр­бан айт мерекесіне орай  ұлттық спорттың бірнеше түрінен ұйымдас­тырылып, өткізілген ойындарды айтуға болады.
Осы орайда , мерекенің маңызы мен мағынасын танып, исі мұсылман азаматтардың, әсіресе, ұлт келешегі жастардың исламға бой бұрғандығы қуантты.
 
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓