Астық Африкаға экспортталады

Жыл басынан бері Қостанайдан әлемнің 25 еліне 800 мың тонна бидай жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттiк астық инспекциясының облыстағы жетекшісі Серік Қабиевке сілтеме жасап.астық
Қазан айының басынан бері Қостанайда 73 мың тонна бидай темір жол вагондарына тиелген. Оның 54,6 мың тоннасы экспортқа шығарылды.
«2018 жылдың қаңтар айынан бастап, әлемнің 25 еліне 800 мың тонна астық экспортталды. Сыртқы нарық жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Осы жылы бірінші  рет Африкаға жол ашылмақ. Сонымен қатар, Бельгия, Норвегия, Грекия, Испания, Италия, Швеция, Түркия сынды елдерден сұраныс мол. Бүгінге дейін 900 темір жол вагонына астық тиеп үлгердік», – деді Серік Қабиев.
Айта кетейік, биыл Қостанай облысында 5 млн 214 мың тонна астық жиналды. Орташа түсім 12,8 центнерді құрады. Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлық диқандарға бидайды тиімді сату жолдарын қарастыру керектігін тапсырған болатын. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓