Министр мешітте болды
Елімізде Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі. Осыны халыққа түсіндіру мақсатында Қостанайға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. Сапар барысында мәртебелі мейман облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге мешітке атбасын бұрды. Дархан Аманұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет өңірдегі діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді.
Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған міндеттер жайлы сөз етті. Бұл мешіттегі басқосуға өңірдегі аудан және қала имамдары қатысып, біраз жайға қанықты. Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрі имамдар қойған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі