Жаңа жылда өмір есігін ашқандар
Қостанай перинаталдық орталығында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 9 нәресте өмірге келді. Оның 5-еуі – қыз, 4-еуі – ұл бала. Орталық қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, Жаңа жылдың алғашқы күні барлығы 17 сәби дүние есігін ашқан. Қалалық перинаталдық орталықтың босану бөліміндегі дәрігерлерінің айтуына қарағанда, шаһарда отбасын құрып, балалы болып, ата-ана бақытына бөленгісі келетіндердің саны жылдан – жылға артуда.