Депутаттар департаментте
ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті депутаттарының көшпелі отырысы өтті.
Депутаттар – В.И. Олейник пен А.А. Смағұлов Қостанай қаласында орналасқан облыстық Департаменттің өрт сөндіру бөлімшелеріне барды.
Көшпелі отырыс барысында жұмыс тобы облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметімен, бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» жұмысымен, облыс орталығының құлақтандыру жүйесімен танысты. Халық қалаулылары өрт сөндірушілердің техника мен жабдықтарды пайдалану шарттарын көрсетті.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA
Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісінде «Елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі және шаралары туралы» тақырыбында Үкімет сағатының отырысын өткізуге дайындық шеңберінде өтті.