Адал кәсіп аясында…
«KOSTANAY NVEST 2018» инвестициялық форум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол ққойылды.
Қостанайлық инвесторлар бизнесті адал жүргізуге уағдаласты. Аймақтағы екінші халықаралық инвестициялық форум аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы бастаманы бірауыздан қолдап отыр. Бизнесті жүргізудегі әртүрлі тосқауылдарды жоюға кепілдік беретін бұл маңызды құжатты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен ұсынды.
Дөңгелек үстел форматындағы форумда Қостанай облысының инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру, орталық және жергілікті деңгейде ұсынылатын инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ «Protecting business and investments» инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жобалық кеңсенің қызметі талқыланды. Бұл кеңсенің қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен қолға алынды және қолайлы инвестициялық климатты құруға және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін арттыруға бағытталған.
-Бүгінгі күні жобалық кеңсесі инвесторлармен бірге жалпы сомасы 169 млрд. теңге болатын 13 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім жасасты. 117 млрд теңгеден астам 8 инвестициялық жобаға қол қойды. Қазір жалпы құны 52 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, бұл әріптестік форматы мемлекеттік сектор тарапынан инвесторларға толық қолдауға, қорғауға кепілдік береді,-деп атап өтті сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Рүстем Болат.
Қатысушылар Департамент ұсынған бастаманы жоғары бағалады және «Protecting business and investments» жобалық кеңсесімен серіктестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.
-Мемлекеттің бизнеске аса назарын аударуы қуанышты, бизнесте үнемі қолдау қажет, мұндай жоба кеңсесін құру мемлекеттік сектор мен кәсіпкерлік арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімді бірінші қадам деп есептейміз, инвесторлар бұл бастаманы қолдайтын болады деп ойлаймын»,-деді «Communications Kazakhstan» ЖШС-ның бас директоры Сәбит Суханов.
Сессияға қатысушыларға «Protecting business and investments» жоба кеңсесі қызметінің негізгі бағыттары туралы хабарлау үшін арнайы бейне-баян көрсетілді.Осы жылы инвестициялық форум өз алаңында 1000-нан астам қатысушыларды жинады. Оған ұлттық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, халықаралық қаржы институттарының және компаниялардың өкілдері қатысты. Форумның құрметті қонақтары арасында Бельгия, Индонезия, Өзбекстан елшілері, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстандағы сауда өкілдігінің өкілі болды.