Жүргізуші, тізгінге ие бол!

Қостанай полицейлері "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын жалғастырып жатыр. – Қазіргі уақытта жол қозғалысы және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Акция аясында біз ЖКО себептері туралы ақпарат берілген буклеттерді таратамыз. Мысалы, акция басталғаннан бері Қостанай қаласының аумағында 1 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу дерегі тіркелді, олардың ішінде қарсы қозғалыс жолағына шығу, бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, апатқа әкелетін әрекеттер жасау, – дейді Қостанай қаласы ПБ штабының бастығы полиция майоры Елена Магасумова.Қостанайлық жүргізуші Василий Бобров 10 жылдан астам уақыт көлік жүргізіп келеді. Осы кезге дейін ол ешқашан жол ережесін бұзып көрмепті.
– Мен біреудің өмірі үшін жауаптымын. Жастарға мынаны айтқым келеді: бір қателігіңіз немесе жол қауіпсіздігі ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз, – дейді жүргізуші.
"Дос" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері де осы акцияға қатысып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге буклеттер мен парақшалар таратуға көмектесті.Жол қозғалысына қатысушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ жедел кері байланыс үшін Instagram-да әлеуметтік бет жүргізіледі. @Doroga_bezopasnosti_10 сілтемесі арқылы сіз бұзушылық тіркелген бейнені немесе фотосуретті жібере аласыз. Ватсап нөмірі де бар – 87084750485 .
Полиция "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 4 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 63 шопыр ұсталды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 145 автокөлік жеткізілді. Жедел алдын алу шарасы 18 тамызға дейін созылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓