Бес бала құтқарылды

Арқалықта өртеніп жатқан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды. 
«Пәтердің есігі мен іштегі газ баллоны жанды. Құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 5 бала бар. Алдын ала болжам бойынша, өрт газ баллоны редукторының ақауынан шыққан», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓