Газ уақытша өшіріледі
Қостанай қаласының Қонай шағын ауданында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы облыстық Энергетика және ТКШ басқармасы қызметкерлері хабарлады.
Атап айтқанда, 14 қазан күні таңғы сағат 06:00-ден бастап Қостанай қаласына қарасты Амангелді, Дружба тұрғынжай алаптарында, Рудный қаласында (Перцев), Алтынсарин ауданының Обаған, Щербаков, Красный Кордон, Қосқұдық, Силантьев, Кіші Чураков ауылдарында, Қостанай ауданының Тобыл қаласында, Алтынсарин, Заречный, Мичурин, Садовой, Садчиков, Константинов, Отябрьское, Лиман ауылдарында табиғи газбен қамту тоқтайды.
Қонай шағын ауданына газ қосу жұмыстары 20 сағатқа дейін жалғасады.
"Айта кетерлік жайт, сыртқы ауа температурасы ескеріле отырып, бұл тұтынушылардың жылумен қамтылуына кері әсері болмайды, жылу беру тоқтатылмайды және ол қолда бар резерв есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар тұтынушыларға сенімді және үздіксіз газ беруді қамтамасыз етуге және жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталғанын ескере отырып, Сіздердің осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.