Жолдаудың басымдықтары түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова «СарыарқаАвтоПром» зауытының жұмысшыларымен кездесті.  20181016133814Айгүл Шайымова Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша үгіт-насихат тобының мүшесі ретінде Қостанайдағы автоөндірушілермен кездесті. Басты мақсат – елдің тұрмысын жақсартуға арналған Жолдаудың басымдықтарын жеткізу.
«Жолдауда көрсетілген жеке кәсіпті қолдау бағыттары, әсіресе, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорт нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Елдің табысты дамуы бизнестің тұрақты жұмыс істеуіне байланысты. Өндірісті білікті мамандар ғана өрістетеді. Осыған аса мән берген дұрыс», – деді Айгүл Шайымова.
Сондай-ақ агенттік төрағасының орынбасары зауыттағы көлік құрылғыларын жинау цехының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда JAC, Peugeot, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva маркалы автокөліктер шығарылады. Зауытта 1400 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жақында «СарыарқаАвтоПром» «Қазақстанның ең үздік тауары» аталымында жеңіске жеткен болатын.  20181016133822 Айгүл Шайымова алдағы уақытта халықтың табысын арттыру үшін шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалатынын айтты. Осы ретте бизнесті заңсыз әкімшілік кедергілерден қорғауға басымдық берілмек.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, бизнес өкілдеріне арналып жобалық кеңсе ашылды. Орталық аталған саладағы кедергілер мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мәселелерімен айналысады және мемлекеттік қызмет түрлерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Елбасы биылғы қазан айында жариялаған Жолдауында мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру және басқа да рәсімдерден бас тартқанын айтқан болатын. Сондай-ақ, Елбасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жариялады.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓