ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ӨСІМ ЖОҒАРЫ

Облыс әкімдігінде өңірдің тоғыз ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Архимед Мұхамбетов төрағалық еткен кеңейтілген жиында облыс әкімінің орынбасары Е.Спанов баяндама жасап, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларының жай-күйіне тоқталды. DSC_0646Баяндамашының айтуынша, биылғы үш тоқсан ішінде өңірлік өнеркәсіп өнімі 9,5%-ке еселенген. Әсіресе тау-кен өндірісі мен өңдеуші кәсіпорындарда өсім жоғары. «Соколов-Сарыбай кен байыту» кәсіпорнында өндіріс көлемі артып, темір кенін Ресей мен Қытай елдеріне жөнелту жүйелі жолға қойылды.
Өңдеу саласындағы өсім – 53,3%. Ауылшаруашылық тауарларын өңдеу саласы өңірдегі ішкі нарықтың тұтасқа жуығын қамтып отыр. Азық-түлік өндірісінің экспорты едәуір артты. Жыл басынан бері сыртқы саудадағы сүт өнімдерінің үлесі 15,6%, ірі қара еті 9,4%, ұн 58%, кондитер өнімдері 25,1%, сусындар 33,1 %-ке өскен.      
Облыста машина жасау саласы да жыл санап қарқын алып келеді. Биыл «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінде 7772 жеңіл автокөлік, 76 жолаушы тасымалдаушы көлік жасап шығарса, «АгромашХолдинг» АҚ-ы  225 комбайн құрастырған.DSC_0631
Өңір экономикасының тұрақты даму тетіктерінің бірі – инвестиция тарту. Биыл облыста жалпы құны 47,8 теңгеден асатын 4 инвестициялық жоба іске қосылып, 300-дің үстінде жаңа жұмыс орны ашылды. Бұлардың қатарында «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасындағы жаңа өндірістік желі мен қоспажем шығарумен айналысатын «Трансальпина» және «Agro-Bio-Auliekol» серіктестіктері бар.
Жыл басынан бері құрылыс саласында да қыруар шаруа атқарылды. Жангелдин, Науырзым, Меңдіқара, Алтынсарин, Сарыкөл аудандарында құрылыс қарқынды дамып келеді. Бұл сала Қарабалық, Жітіқара, Қамысты, Ұзынкөл, Аманкелді, Қарасу аудандарында өндімей тұр.
Биыл өңірде 290,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінге дейін 227,6 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Жыл басынан бері бюджет есебінен 21 көп қабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Желтоқсан айына дейін тағы 6 көп қабатты үй салынады.DSC_0628
Облыста шағын және орта бизнесті дамытуға тиімді жағдай жасалған.  Жыл басынан бері жеке кәсіпкерлер саны 3,5%-ке артып, бүгінде олардың саны 51 мыңға жетті. Шағын және орта бизнес нысандарының көбеюі сауда саласының жандануына оң ықпал етіп отыр. Себебі 40%-тен астам кәсіпкер ішкі сауда саласында қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік саладағы жағдай да тұрақты. Өңірде жыл басынан бері 12,9 мың жаңа жұмыс орны ашылған. 2,6 мың жұмыссыз кәсіби оқуға жіберілді. Кәсіби білім беретін мекемелерде оқу тәмамдаған 1,3 мың адам еңбекпен қамтылды. Мұның сыртында, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2 мыңнан астам адам кәсіптік оқуға тартылған. Оқуды аяқтаған 1543 адамның 361-і жеңілдетілген несие алған.
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓