Көшпелі көрме түзеу мекемесінде
Құсмұрын кентіндегі түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін көрме ұйымдастырылды деп хабарлады Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ресми өкілі Дамир Махметов.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражай қызметкерлерінің дайындаған көрмесі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. Тарихи жәдігерлерді тамашалағандар Қазақ хандығының құрылуы туралы мол мағлұмат алды. Шара барысында, темір торға тоғытылғандарға Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапғанасы әзірген бейнефильм көрсетілді.
Жазасын өтеушілер өз тараптарынан концерттік бағдарлама мен ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесін келген қонақтар назарына ұсынды. Алғаш рет өткізілген мұндай іс-шара болашақта жалғасын табады деп сендірді департамент өкілі.

Махаббат Бекбай