Ең үздік қойылым!

Көкшетау қаласында өткен аймақтық театрлар фестивалінде І.Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театры өз тарихында тұңғыш рет "Ең үздік қойылым" номинациясын жеңіп алды.
Тобыл өңірінің театры аталған байқауға "Кішкентай адамның үлкен трагедиясы" атты қойылымымен қатысқан. Бұл – А.Чехов әңгімелерінен құралған туынды. Режиссері – Баатырбек Шамбетов. Аталған шығарманы облыстық ұжым карантин кезінде сахнаға дайындап, жергілікті көрермендер назарына ұсынып, қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді. Енді фестивальде бас жүлдеге бергісіз жетістікке жетіп отыр.
Енді комедиялық қойылым Қарағандыда өтетін көрнекті театр сыншысы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Әшірбек Сығай атындағы «Сын шын болсын…» атты республикалық театрлар фестивалінде 15 қазан күні көрермен назарына ұсынылады. 
Қостанайлық өнерпаздарға сәттілік тілейміз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓