Жастар экстремизмге қарсы
Қостанайдың орталық алаңында осындай атаумен жастар арасында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жеңіл атлетикадан шара өтті. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы тұрғысында спортпен шұғылдану, оның ішінде салауатты өмір салтын насихаттауды, дене белсенділігін арттыруды күшейту қажеттігін айтқан болатын.
Бұл іс-шара жастар ортасында экстремистік көріністердің алдын алу, жастарды күнделікті дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына тарту, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Спорттық шараға облыстың жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері және студенттері, еңбек ұжымының жастары қатысты. Қатысушылар 2 және 4 шақырым қашықтықты еңсерді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Әсел Қибаш