“Мың бала” мәресіне жетті
Бүгін “Мирас” мәдениет үйінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен “Социум және мен” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шара биыл үшінші рет өткізілуде. Жобаның басты мақсаты – шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр, талантты, өнерлі өзге ұлт балаларын іздеп табу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, этнос топтарының балалары мен жастарының бойына “Мәңгілік ел” жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру.



Салтанатты шара басырында байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаз оқушылардың мұғалім-тәлімгерлері де “Тіл мектебі” бағыты бойынша алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара облысымыздың аудан, қалаларынан келген өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.
