Біздің Қасқырбай
Әріптесіміз Қасқырбай Қойшыманов кезекті жетістігімен қуантты. Есімі «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» енді.

«Алтын кітапқа» іріктеуге өңірде әр салада еңбек етіп жүрген екі жүзден астам жас қатысты. Үміткерлер есімі әуелі әлеуметтік желіде таныстырылды. Оларға көпшілік Қостанай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының инстаграм парақшасы арқылы дауыс берді. Бұл іріктеудің бірінші кезеңі еді. Одан таңдалған ең мықтыларды байқау комиссиясы талқыға салды. «Журналистика» аталымында қазылар бір ауыздан Қасқырбай Қойшымановты таңдады.

Журналист басылым бетінде маңызды мәселелерге қоғам назарын аударып, азаматтық көзқарасын да батыл білдіріп жүр. Әріптесіміз байқауға «Ой-отау» авторлық жобасын ұсынғанын айтады. Ол осы әңгіме алаңында көптеген танымал тұлғалармен сұқбат құрған еді.
– Мен бақ сынаған «Журналистика» аталымында он шақты үміткер бақ сынады. Еңбегімді бағалап, қазылар жеңісті маған беруді ұйғарыпты. «Алтын кітапқа» есімі енген барша замандастарымды құттықтаймын, – дейді Қасқырбай.
