Бағаңды бер!

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру шеңберінде өңірдегі жаппай спортпен және дене шынықтырумен айналысуға арналған нысандарға бағалау жүргізбек. 
Ол үшін аулаңыздағы спорт кешендерінің құрылысы, аулаларды, саяжайларды, дене шынықтырумен айналысуға арналған алаңдарды абаттандыру бойынша ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз. 
Хабарламаларыңызда өздеріңіз қалаған спорт объектісінің жобасын, орналасу орнын, ұжымның, ұйымның атауын немесе аты-жөніңізді, байланыс телефондарын көрсетуіңіз керек. 
Ұсыныстарыңызды мына мекенжайға жіберіңіздер: n.akhmetova@mz.gov.kz pressadooz@mail.ru

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓