Зияткер жастар ойыны

Қостанай қаласындағы Достық үйінде "Intellect Asu" зияткерлік ойыны өтті.72074382_580140759391253_5986025937685184512_n
Шараны "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы ұйымдастырды. Білімділер сайысында Қостанай қаласындағы алты бірдей ЖОО студенттері қатысты.71837720_580140702724592_5788514766997684224_n
Ойынды өткізудегі мақсат – жастардың қисындық, сыни және сараптамалы ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту.
Командалар  әртүрлі кезеңдерде Қазақстанның және өлкенің тарихы, елдің өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі туралы білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ, үміткерлер "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты өз пікір-пайымдарын білдіретін төл жобаларын назарға ұсынды.
Сайыс қорытындысында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ намысын қорғаған жастар иеленсе, үздік үштікті ӨСұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері түйіндеді.71862906_580140522724610_6399477614360133632_n

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓