Жұмысшылар жалақыдан қағылды

Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуде ұжымдық келісімге ерекше маңыз беріледі. Осы орайда, облыс бойынша 6000-нан астам ұжымдық шарт жасалған, яғни кәсіпорындардың ұжымдық шартпен қамтылу үлесі 57,8%  пайызды құрайды. Бұл республикадағы 8-ші көрсеткіш. Ал, еңбек саласындағы қақтығыстарға, наразылықтарға әсер ететін маңызды факторлардың бірі – жалақыны уақытылы төлемеу. 
IMG_5428
– Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері Еңбек инспекциясының басым бағыты болып отыр. Жыл басынан бері Қостанай облысында 1540 қызметкердің жалақысы облыстық прокуратура, қалалар мен аудандардың әкімдіктері және басқа да мүдделі органдар арқылы төленді. Бұл – 118,5 млн теңге. Бүгінге дейін орта және шағын, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарға 870 өтінім келіп түскен. Олар уақытында қаралып, 432 тексеріс жүргізілді, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүнідбаев кеңейтілген мәжілісте.
М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы санаторийінің қызметкерлер алдындағы жалақы берешегі 4,7 млн теңгеге жетті. Барлығы 132 қызметкер жалақыларын уақытылы ала алмай отыр. 
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов санаторий басшыларын сөзге тартты. Олардың айтуларынша, қыркүйек айының жалақасы тек қарашада ғана төленеді.
IMG_5431
– Сіздер мемлекеттік мекемені басқарасыздар. Бірақ, жұмыстарыңызда ешқандай жүйе жоқ. Бөлінген ақшаны дұрыс игере алмай отырсыздар. Сол 132 адамның несиесі болуы мүмкін. Олар ай сайын еңбекақыларын күтіп отырады. Ал сіздердің іс-әрекеттеріңіз мынау. Бұлай болмайды. Келесі апта маған түсініктеме хат әкеліңіздер. Барлық қызметкердің жалақасы осы айдан қалмай төленсін. Басқа сатып алуларды ысырып қойыңыздар. Мұны өз бақылауыма аламын, – деді өңір басшысы.  
Әулиекөл ауданы бойынша «Асмадин Проджект» ЖШС, Қарасу ауданындағы «Рамазан-Қарасу» ЖШС, Жітіқара кентіндегі «Тоқтар ГРК» ЖШС қызметкерлерінің еңбекақысын әлі берген жоқ. Облыс әкімі аталған аудандардың әкімдеріне жалақы мәселесін тез арада шешуді тапсырды.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓