Кәсіпкерге араша түсті 

       Қостанай ауданында бір кәсіпкерді заңды сомасынан алты есе жоғары салық төлеуге мәжбүрлеген. Бұл облыстық кәсіпкерлер Палатасының араласуынан кейін анықталды.
       «Сейдахметов» ЖШ өткен жылдың соңына таман аудандық кіріс департаментінен ескерту қағаз алыпты. Онда 2014 жыл үшін жеке кәсіпкер 150 мың теңге көлемінде  салық төлеуі тиіс екендігі көрсетілген.салык
       Жоғарыда аталған сома жүйелі бақылаудың негізінде және түскен табыс бойынша есептелген. Алайда, шығын жағы ескерілмепті. Бұған келіспеген кәсіпкер облыстық Палатаға шағым түсірген.
       «Егер кәсіпкер  жалпыға ортақ белгіленген жүйемен жұмыс істейтін болса, онда міндетті түрде шығын көлемі де есепке алынуы тиіс. Сондықтан, біз барлық бухгалтерлік және салықты тіркеу құжаттарын саралай келе, ол заң бойынша небәрі 23 мың теңге төлеуі керек деген қорытындыға келдік. Басқарма бұл  шешіммен келісіп,  кәсіпкер әлгі соманы толық төледі»,-деді Қостанай аудандық кәсіпкерлер Палатасының директоры Айгүл Нұрсағитова.
         Жалпы, өткен 2015 жылы облыстық кәсіпкерлер Палатасына барлығы 360-тай шағым түскен. Оның 159-ында кәсіпкерлердің заңды құқықтары бұзылғаны көрсетілген.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓