Жаңа тағайындау

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен, арнайы тексеру нәтижелері шыққанға дейін, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Вячеслав Юрьевич Дудников тағайындалды.Дудников
В.Ю. Дудников 1963 жылы 2 сәуірде Қостанай облысының Қостанай қаласында туған. Ұлты – орыс. Білімі – жоғары. Ол 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, 2010 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2016 жылы "Алматы Менеджмент Университет" Білім мекемесін бітірген. Игерген мамандықтары  – емдеу ісі, экономика, менеджмент (MBA), іскерлік әкімшіліктендіру докторы (DBA). Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты, доктор. Сіңірген еңбегі үшін "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20" мерекелік медалімен, ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі"төсбелгісімен, ҚР Президенті істері басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған.
Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының 1-хирургия бөлімшесінде мейіргер болып бастап, 1986 жылы Қостанай қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесіне дәрігер-интерн болып ауысты. 1987 жылы Қостанай облыстық онкологиялық диспарсерінде дәрігер-онколог, 1997 жылы сол диспансердің емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, кейін бас дәрігері қызметін атқарды. 2005 жылы Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушысы, 2008 жылы ҚР Президенті істері басқармасының Медицина орталығы басшысы, 2009-2017 жылдары аралығында аталмыш басқарма жанындағы орталықта  әртүрлі лауазымдарды абыройлы атқарған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓