Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды
«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының екінші кезеңі өтті. Бұл байқаудың жергілікті жерлердегі бастауыш партия ұйымдарының қызметін ынталандырып, белсенділігін арттыруға бағытталғанын атап өту керек.
Бірінші кезең партияның аумақтық филиалдарында қыркүйек айында өткен болатын. Оған облыстағы 421 БПҰ 186-сы қатысты. Облыстық деңгейде өтетін екінші кезеңге 53 БПҰ өтті. Әрбір БПҰ-ның партиялық жобаларды іске асыруға қатысуы, ішкіпартиялық жұмысы, азаматтық бастамаларға жол ашуы, БАҚ-та БПҰ қызметін жариялауы, жастармен жұмыс деңгейлері бағаланды. Қатысушылар комиссия мүшелеріне өздерінің қызметтері туралы бейнетұсаукесерлер ұсынды, ал кейбіреулері тіпті кеме макеті, кітап тәріздес көрнекі құралдар арқылы көрсетті.
Қазылар алқасы үш БПҰ қызметін жоғары бағалап, іріктеп алды. Олар «Нұр Отан» партиясы Рудный қалалық филиалынан № 1 шағын аудан БПҰ, «ССКӨБ» АҚ» аудандық филиалынан «Құрылыс-құрастыру басқармасы және осы филиалдың «Трансрудныйавто» ЖШС» БПҰ. Олар республикалық байқаудың Астана қаласында өтетін соңғы кезңіне қатысатын болады.
– Бастауыш партия ұйымдарының форумына біздің облыстан нағыз лайықтылар барады деп ойлаймын. Біз бүгіндері білікті кадрлар даярлауда, «Рухани жаңғыру», «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруда және Елбасының Жолдауын облыс жастары мен еңбек ұжымдарында насихаттауда бастауыш партия ұйымдары үлкен жұмыстар атқарып жатқанын көріп отырмыз, – деп атап өтті облыстық партия ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Жанабай Бисимбаев.