Жұмасқалиев жаңа қызметке тағайындалды

Қостанайдың "Тобылы" өзінің жаңа спорт директорын таныстырды. Ол – Нұрбол Жұмасқалиев. Атақты футболшы Владимир Нидергаустың орнына келді.  
20181227221353
Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Футболдағы мансабын 1998 жылы Оралдың «Нарын» командасы сапында бастады. 1999-2000 жылдарда Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойын көрсетсе, 2000-2010 жылдарда Қостанайдың «Тобылының» жейдесін киді. Ал 2011-2012 жылдарда Астананың «Локомотивінде» доп тепсе, одан кейін төрт жыл бойы қайтадан «Тобылдың» намысын қорғады. 2017 жылы Павлодардың «Ертісінде» 7 ойын өткізіп қайтқанымен, сол жылы «Тобылға» қайта келді. Биылғы біріншілікте қола жүлдегер атанған «Тобылды» марапаттау рәсімі барысында Нұрбол Жұмасқалиев өзінің футболдан кететінін айтқан болатын.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓