Абайлаңыз! Жұқа мұз!

Жыл сайын Республикада 500-дей адам суға батып, ажал құшса, солардың басым бөлігі – жұқа мұз құрбандары. Құтқарушылардың бел буатын мезгілі – тек шомылу маусымы ғана емес, өзен-көл беттерін мұз көмкеретін күздің соңғы айлары.
Қалыңдап үлгермеген мұз – нағыз қауіп-қатер зонасы. Алда-жалда ақылсыздықтан мұз үстіне шығып, техникалық қауіпсіздік ережесін қолданбауы азаматтардың басына қайғы төндіреді, төтенше жағдайлардың орын алуына себепші болады.  Көбіне-көп балық аулауға құмарлар өз істеріне есеп бере алмай жатады.тонкий муз
Жаңа ғана қатқан су айдынында болу өте қауіпті екендігін ешқашан ұмытпау керек. Алғашқы мұзға шығуға асықпаңыздар, ернеулері берік, орнықты болып көрінеді,  ал шынында ересек адамды ғана емес кішкентай бүлдіршіндіде көтере алмайды. Су айдынында мұздың қалындығы барлық жерінде бірдей емес. Жұқа мұз иірімдерде, иіндерде, қатып қалған заттардың маңында, жер асты қайнар көзінде және құбыр жүйесі орнатылған төңіректерде болады. 
Адамның мұз бетінде қауіпсіз жағдайда болуы, оның салмағына сәйкес қалындығына байланысты.  Толықтай қауіпсіздік үшін мұз қалындығы 12 сантиметрден кем болмауы тиіс.   
Мұздың орнықтылығын көзбен анықтауға болады:
1.     Мұздың көгілдір түсі  – орнықты;
2.     ақ – орнықтылық 2 есе төмен;
3.     мұз ақшыл және сұр немесе сарылау болып келсе, ол орнықсыз.
Одан басқа, көктемде және күзде қауіпсіз мұз қалыңдығын бір жарым есе ұлғайту қажет.
Біздің облысымызда, өкінішке қарай, балықшылардың жапа шегуі жағдайлары көп тіркелді.  tonkiy_led_2_0
Қостанай облысының ТЖД  мұз қату кезеңінде су айдынында қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы да әрбір азаматқа ескертеді. .
 
                               О. Мендыбаева,
Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі бастығы
                       өртке қарсы қызмет майоры  
 
 
                           

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓