19 жоба жүзеге аспақ

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанайда «Kostanay-Invest 2018» екінші халықаралық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады. Форум қатысушылары алдымен Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа барып, олар ауыл шаруашылығы зауытының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, мұнда "Беларус" тракторлары құрастырылады.
IMG_0777
Облыстық филармонияда өткен пленарлық отырыста аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті таныстырылды. «Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті: келешегі, жаңа мүмкіндіктер мен тұғырлар» тақырыбындағы мәжілісті «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев жүргізіп отырды.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвестицияларды тарту саласындағы ең өзекті мәселелерді барлық мүдделі тараптардың қатысуымен талқылауды ұсынды. Ол халықаралық форумның аймақ үшін маңызды екеніне тоқталды.
– Осымен екінші мәрте өткізіліп отырған бұл форум Қостанай облысына инвестиция құю мүмкіндіктерін қарастыруға арналған тиімді алаң ретінде өзін танытты. Былтыр 28 инвестжоба мақұлданды. Инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлармен ашық диалог құру, инвестицияларды тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру – мұның бәрі Қостанай облысы әкімдігінің қызметінде басымдық берілген бағыттар. Өздеріңізге мәлім, қазір біздегі индустриялық аймақ жақсы қарқын алды. 11 ірі жобамыз бар. Оның 4-еуі биыл жүзеге асады, – деп атап өтті облыс әкімі.
IMG_0944
Форумда инвестициялық тартымдылықты жақсарту және күштерді біріктіру бойынша екіжақты 19 меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 251 млрд теңге болатын инвестициялық жоба іске асады. Атап айтқанда, Қостанай облысы әкімдігі мен «AYTEI GROUP» Холдингтік компаниясы» ЖШС облыста тас кесу және өңдеумен, үстелдің үстіңгі тақтайын, ванна бөлмесіне арналған қолжуғыштарды, әрлеуге арналған плиткаларды жасап шығарумен айналысатын зауытты салу туралы меморандум жасады. Жоба құны – 7 млрд теңге. Сондай-ақ, Қостанай облысы және «Bio Grain» ЖШС арасында Қостанай облысы аумағында дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған хабты салуға арналған жол картасын қабылдау жоспарланған. Бұған 111 млрд теңге көзделді. Жоғарыда айтқан «Беларус» тракторларын құрастыру үшін облыс әкімдігі мен «Композит Групп» холдингі келісімге қол қойды.
592fb138-cd3f-42b5-b079-c72ef9e80f32
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓