Экспедиция «Татыр» шайқасы болған жерге жетті

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған  «Өр Торғай – ерлік мекені» атты экспедиция Жанкелдин ауданындағы тарихи орындарға барып, Торғайдағы мұражайларды аралады.
«Өр Торғай – ерлік мекені» атты экспедиция Аманкелді және Жанкелдин аудандарының аралығында орналасқан Татыр көлінің жағасында өткен 1916 жылғы көтерілістің ең алғашқы ірі шайқастарының бірі – «Татыр» шайқасы болған жерге барды. Экспедиция мүшелерін Татыр көлінің жағасында Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылының тұрғындары өздері дайындаған әсерлі театр қойылымымен қарсы алды. Олар келушілерге Татыр көлінің жағасында Аманкелді Иманов жайлы шағын қойылым ұсынды.20160917104839
«Осы жер білмеген адамға қарапайым ғана ауыл болып көрінетін шығар, бірақ тарихқа терең үңілетін болсақ, бұл ауыл бабаларымыздың қаны төгілген жер. Алғаш әділетсіздікке, жауыздыққа, қазақ халқының тағдырына балта шапқан үстемдікке қарсы атқа қонған  қасиетті орын. Татыр шайқасы- ұлт намысын ту еткен батыр бабаларымыздың әскер саны көп, қару-жарағы мықты, күшті жаумен  бетпе-бет келген алғашқы ірі шайқасы. Ерлік іс ешқашан ұмытылмайды. Өткен тарихты жаңғырту, халықтың тағдырын еске салу бүгінгі іс-шараның басты мақсаты болуы керек», – деді экспедиция мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Құрманғали Дәркенов ауыл тұрғындарымен кездесуде.20160917104818
Сондай-ақ, экспедиция 16-ыншы қыркүйек күні Жанкелдин ауданының орталығы Торғайда орналасқан батыр баба Шақшақ Жәнібек, «Дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсарин, арыстарымыз Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов, саяси қайраткер Ә.Жангелдин, айтулы ақын Н.Ахметбеков атындағы тарихи-мемориалдық мұражайларын аралады. Экспедицияға қатысушылар кешке қарай Қостанай облысы Аманкелді ауданында болып, Аманкелді  Имановтың атындағы мұражайды аралады және осы арада кездесу ұйымдастырды.20160917104829
Естеріңізге сала кетейік,11-інші қыркүйек күні Арқалық қаласынан бастау алған «Өр Торғай  ерлік мекені» атты экспедицияның бір аптаға межелеген сапары барысында екі мың шақырым жолды басып өтіп, тарихи маңызы зор отыздан астам нысанға бару жоспарланған. Экспедиция құрамында ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам белсенділері, журналистер мен блогерлер бар.  20160917104803
Экспедицияға демеушілік жасаған әрі бастамашы болып ұйымдастырған – «Тorgay expedition» тобының ұлтжанды, белсенді азаматтары.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓