Жанкүйерлерін қуанта алар емес (БЕЙНЕШОЛУ)
Футболдан ел чемпионатының кезекті турында Қостанайдың «Тобылы» Ақтөбе облысының командасын қабылдады.
Бұл ойында "Тобыл" 2:3 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, өз алаңында қатарынан үш матч жеңіліске ұшырап отыр. Бұл дегеніміз қостанайлықтар мүмкін болған 9 ұпайдан қағылды. Дегенмен, әлі де үшінші орында.
Ел классикасында қонақтар сапынан Пиззели үш гол, алаң иелері қатарынан Нұрғалиев екі гол соқты.