Туған күніңмен, Қостанай!

Кешелі бері қостанайлықтар қала күнін ерекше ықыласпен атап өтуде. Түрлі спорттық һәм мәдени шаралар ұйымдастырып, концерттік бағдарламалар бір үзілген емес. Ән әуелеп, күй күмбірлеп тұр.
Әкімдік алдындағы сахнада жергілікті өнерпаздар мен көршілес ел жұлдыздары қала қонақтары мен тұрғындары үшін ән шырқады. Бір сөзбен айтқанда, мерекелік көңіл-күй қалықтап тұрды.
IMG_4479

IMG_4477
Қостанайлықтарды әуелі облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Ол өз сөзінде облыс көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ізгі тілегін білдірді.
-Биыл Қостанай қаласының құрылғанына 138 жыл толып отыр. Өңірде біршама жақсы істер жасалды. Жолдар жөнделіп, қаламызда айшықты жерлер көптеп пайда болды. Елбасы бастамасымен "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жаңа шағын аудандар салып, ептеп баспана мәселесін шешіп келеміз. Бүгіндері облыстың, соның ішінде, Қостанай қаласының дамуы қарқынды жүріп жатыр. Бұл барлық қостанайлықтардың бірлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Сіздерді осынау әсем қаланың құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!- деді өңір басшысы.

IMG_4372

IMG_4353
Бұдан соң Архимед Мұхамбетов облысқа еңбегі сіңген тұлғаларға "Қостанай облысының Құрметті азаматы" атағын табыстады. Әуелі болып сахна төріне Ахметов Сабыржан Ахметұлы шықты. Ол көп жылдар бойы үкіметтік орындарда басшылық қызмет атқарып, Ұзынкөл, Аманкелді аудандарының және Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Сабыржан Ахметұлы – Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері.

IMG_4390
Беркенова Әсия Әйіпқызы – елімізге танымал айтыскер ақын, Халық ақыны. Әсия Әйіпқызы 25 жыл ауыл мектебінде орыс тілінен сабақ берген ұлағатты ұстаз, айтыс аламанына бірталай жастарды қосқан өнер жанашыры. 

IMG_4401
Ихтиляпов Өмірзақ Бекділдәұлы – агроөнеркәсібінің еңбек ардагері, Науырзым ауданы "Шолақсай-1" ЖШС басшысы ретінде 49 жыл еңбек етіп, еліне шапағаты тиген азамат. "Құрмет", "Парасат" ордендері мен "Еңбек ардагері" медалінің иегері.

IMG_4406
Семенова Вера Григорьевна — облыстың беткеұстар азаматтарының бірі. Облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы болған. Қазір де өңірдің тіршілігіне белсене атсалысып, игі істердің басы-қасында жүреді. Қостанай қаласының Құрметті азаматы. Облыстық қоғамдық кеңестің белді мүшесі.

IMG_4426
Одан ары концерттің көркін еліміздің эстрада әншілері мен ресейлік жұлдыздар кіргізді. Атап айтсақ, Айжан Нұрмағанбетова, белгілі "Рок-Остров" тобы мен Виктория Дайнеко қостанайлықтарды құттықтады. 
Мерекелік шара отшашумен аяқталды.
IMG_4526

IMG_4499

IMG_4556

IMG_4585

Кенже ҚОНЫСБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓