“Kostanay Invest-2018” инвестициялық форумы басталды
Қостанайда аймақтық "Kostanay Invest 2018" инвестициялық форумы басталды. Аталмыш шара осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Мақсат – Қостанай облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру һәм өзгеге таныстыру. Форум төрт салаға бағытталған. Яғни мұнда ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және көлік құрастыру мен турзим саласына қызығушылық танытқан кәсіпкерлер бас қосады. Мәселен, өткен жылы дәл осы форумға 300-ден астам адам қатысқан. Олар жалпы сомасы 580 млн долларды құрайды 26 инвестициялық меморандумға қол қойған болатын. Биыл инвесторларға өңірдің әлеуеті мен жергілікті биліктің көмегі туралы айтылмақ. Форумға ҚР Үкімет өкілдері, халықаралық және ұлттық даму институттары мен отандық, шетелдік компания басшылары қатыспақ. Инвесторлар Қостанайдағы Индустриялды аймақты аралап, өңір тынысымен танысып үлгерді. Қазір Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ауқымды жиын басталды.
Форум барысынан ақпарт беріліп отырады.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.