Лисаковтықтарға қар тазалығына қаржы қосу міндеттелмек

Лисаков қаласында жолдарды қардан тазартуға арналып бөлінген бюджет қаражатының түбі көрінуге таяу. Сондықтан қала ішіндегі қарлар жол жиектері мен тротуарларға үйіле салуда. Бұлай жалғаса берсе, мұның салдары көктемде қалалықтардың "бас ауруына" айналуы ғажап емес. кар
 Әкімдіктің күн тәрібіндегі мәселе осы болып отыр. Кооперативтерге түйткілдің шешімін табу міндеттелуде. Ал олар тұрғындардан материалдық демеу сұраудан тиімдірек жолдың жоқ екенін алға тартыпты. Қыстың қыспағынан құтылып, қаланы тау-тау қардан арылтуға атсалысып, түсіністікпен қарайды деп үміттенеді.
Алайда бұған оң көзбен қараушылардан гөрі, қарсылық білдіретіндер көбірек. "Облыстың басқа қалаларында мұндай жоқ. Лисаковта да бірінші рет шығар… Қалтасы онысыз да салмақсыз жұрттың жалақысын жырымдағысы келгендері несі? Салықты не үшін төлеп отырмыз?" деп шамдануда тұрғындар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓