Тариф мәселесі
«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының бастамасымен «Айқын тариф» жобасы аясында коммуналдық төлемдер төлеу орындарында халыққа арнайы кеңестер ұйымдастырылды.
Тұңғыш рет қолға алынып отырған игі бастама аясында тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.Қазіргі таңда осындай жиындар өңіріміздің 5 ауданында өтті.
Бұл шара басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.
Мешіт Ғазиз