Мақсат айқын, міндет көп

«Нұр Отан» партиясының Таран аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция Елбасы жолдауының негізгі тұжырымдарын іске асыру мәселесі талданды.
Күн тәртібінде партиялық «Балаларға арналған тегін IT-сынып» жобасы шеңберінде жұмыс істеп жатқан мұғалімдерді қаржыландыру, аудан мектептерінің асханаларында тамақтандыруды ұйымдастыру, Таран елді мекені іргесінде ағып жатқан Әйет өзенінің оң жағалауынан тоспа бөгет салу мәселесі қаралды. Отырысқа партияның Таран аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.IMG_5200
Бірінші мәселе бойынша аудандық оқу бөлімінің басшысы Айгүл Әлімбаева сөйледі. Оның айтуынша партиялық «Балаларға арналған тегін IT-сынып» жобасы шеңберінде С. Ерғалиев атындағы орта және Николаев негізгі мектептерінде робототехника кабинеттері ашылған. Сонымен бірге, ол осы жоба бойынша жұмыс істеп жатқан оқытушыларға еңбекақы төлеу жөніндегі есептерін ұсынды.
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Серік Төртқараев күн тәртібіндегі келесі мәселеге тоқтала келіп:
– Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде партияның Таран аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы ауданның жергілікті қауымдастығы мүшелерін тарта отырып, Әйет өзенінің оң жағалауынан тоспа бөгет салу және Новоильинов ауылына су құбырын тарту жұмыстарының барысына рейд жүргізді, сол сияқты мектеп асханаларында тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы тексеруден өткізді, – деп баяндай өтті.
Отырыста Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Таран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнаш Даданова да сөз алды. Ол Елбасының биылғы жолдауы қойып отырған негізгі міндеттер туралы айта келіп, Президенттің Қостанай облысы және аудан халқы тарапынан кең қолдау тапқан бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысына баса назар аударды.
Аудандық мәслихаттың депутаты, Таран аудандық ауруханасының бас дәрігері Бекболат Уәлиев ауылды жердегі дәрігерлік көмектің тиімділігі мен қол жетімділігін арттыру туралы сөз қозғады.
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық емханалар мен ауруханалар дәрігерлік құжаттамаларды толықтай цифрлік әдіспен жүргізуге көшпекші. Біздің аудандық аурухана бұл бағыттағы жұмысты 80% орындап отыр. Бұл 2020 жылға барлық халықтың электрондық денсаулық төлқұжаттарын қалыптастыруға, кезектерді жоюға, қағазбастылық пен қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Елбасының жолдауы, шын мәнінде, ел халқы үшін өте маңызды. Онда дәрігерлік қызмет пен қауіпті ісік ауруларын емдеу сапаларын арттыруға аса мән берілген. Біздің міндетіміз – халықтың өмір сүру жасын ұзарту және дертті ерте анықтау жұмысын жолға қою, – деді депутат Бекболат Уәлиев.
Депутаттық фракция мүшелері Елбасының кезекті жолдауын халықтың ерекше ықыласпен қабылдап, оны іске асыруға бар күш-жігерлерін салуға әзір екендерін мәлімдеді. Тыңдалған барлық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды, олар жергілікті атқарушы биліктің назарына жеткізілмек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓