Өнер жұлдыздары Торғайда
“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қазақстанның өнер жұлдыздары, дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров, ақын, әнші-сазгер Роза Әлқожа, “Қазақстан дауысы” жобасының алғашқы жеңімпазы Шахаризат Сейдахметов ауданға келіп, Торғай жерін әнмен тербеді.


Аудан әкімі Шота Оспанов Торғай жұртшылығының атынан Балғабай Жамантайұлы және өнер жұлдыздарына алғысын білдіріп, торқалы тойдан естелік ретінде омырауларына төс белгі тақты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы