Нақышты “Натараджа”
Қала халқына жиі көзге түсіп жүрген "Натараджа" би ансамблі жақсы таныс. Сырлы сазға, әсем ырғақты, шалт қимылдарға толы үнді биі кімді болмасын баурап әкетпей қоймайды.

Қаршадай қазақ қызы жақында екі ел арасындағы мәдени жақсы қарым қатынастың арқасында Нью Делидегі атауы әрі ұзақ, әрі құрметті Шри Рам Бхаратия Кала Кендра өнер университетінің стипендианты атанған қуанышымен бөлісті.
– Шәкірттерімді қимаймын. Алайда, бұл мен үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Мүмкіндікті қалт жібермей, шеберлігімді одан әрі шыңдағым келеді. Жат жер қанша жақсы болғанымен, туған қаламның орны қашан да бөлек. Оқуымды бітіргесін міндетті түрде елге қайта оралып, қолға алған ісімді одан әрі жалғастыратын боламын, – дейді Әйгерім.
"Талаптыға нұр жауар" деген. Талапты жастың алға қойған мақсаттарының орындалатынына жерлестерінің де сенімі мол.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы