Жаңа маусым ашылды
6 қазан күні Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры биылғы 19-маусымды Е.Төлеубайдың " Мариям, Ілияс" драмасымен ашты. Қойылымға Қазақстанның Халық ақыны Мәриям Хакімжанованың қиыншылыққа толы өмірі мен шығармашылық жолы арқау болған. Қойылымда жеке басқа табыну күшейіп, асыра сілтеу асқынып тұрған замандағы қазақ әйелдерінің қайғы-қасіреті көрініс табады.
Қойылымның алдында театр директоры Сабыралы Байғазыұлы Кемелбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға шығармашылық табыстар тіледі. Театрдың көркем жетекшісі Әлия Баймахан Әкімқызы да көрермендер мен театр ұжымын жаңа маусымның ашылуына байланысты лебізін жеткізді. Маусымашарға Ілияс Омаровтың шөбересі Әсел Нұрпейісова қатысты. Көрермендер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері маусымашарға орайластырылған әртістердің қызыл кілеммен жүріп өту салтанатына куә болды.