Қыстың қамы пысықталды

Қостанай қ. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Қысқы маусымдағы төтенше жағдайлар кезінде жергілікті атқарушы органдардың өзіне бағынышты арнайы мамандандырылған ұйымдарға басшылық жасауға даярлығы мен қолданыстағы құрал-жабдықтарды қолдану қабілеті, нысандық құрылымдарының тосыннан туындайтын апаттарды жоюға әзірлігі пысықталды. Осындай жаттығулар барлық аудандарда ұйымдастырылуда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓