Ерлан Спанов – облыс әкімінің орынбасары
Бүгін облыс әкімі аппаратының жиналысында Спанов Ерлан Махмутұлы Қостанай облысы әкімнің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол экономика және қаржы мәселелерін қадағалайтын болады. Бұған дейін облыстық экономика және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарған.-Ерлан Спанов экономика және қаржы мәселелері бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларды бір жүйеге келтіруді тапсырамын. Ал облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюкке тұрғын үй құрылысы саласы жүктеледі, – деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
Ерлан Спанов – 1983 жылы, Науырзым ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2004 жылы "Инновациялық-ақпараттық" Қоғамдық бірлестігінен бастаған.