Аппарат басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Миртайұлы Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметінен босатылып, ағымдағы жылғы 28 шілдеден бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабар таратты.
М.Сандыбаев Ұзынкөл ауданының тумасы, бұрын Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі болып жұмыс істеген.